ҚАРАКӨЛ КЕШІ
Қырғыз қызындай қызарып,
Қоңыр кезеңнен күн асты.
Қоңыр өлеңде ұзарып,
Мұзарт шыңдарға ұласты.
Қызатын ойын не түрлі,
Кешкі думанға жінікті ел.
Той болған ауыл секілді,
Əбігер қыз бен жігіттер.
Тарих кешкен бірге ұзын,
Арайлы таңы аз атқан.
Айыр қалпақты қырғызым,
Айырмаң жоқ-ау, қазақтан.
Келгендей көктем, жаз əрең,
Ағынан елің жарылды.
Қаракөл бойы саз-əуен,
Толқытар көңіл, жаныңды.
Сұлулық бар ма тең келер,
Жеңгелер қандай наз қосқан.
Тізілген моншақ, теңгелер,
Сыңғырлы əуен саз қосқан.
Қомыздың үні шығандап,
Жебелей желің үдетті,
Шырайлы жүздер шын арбап,
Шымшылап жатты жүректі.
Қызылды, жасыл, ақ, күлгін,
Көбелек жауып жатқандай–
Қырғыз қыздарға ап келдім,
Жырымды мен де ақ маңдай.
Қаракөл жаққа қараймын,
Ұшырып тағы құс көңіл,
Шымырлап толқып қара айдын,
Бүгеді сырын ішке өңір.
Айтар бір мұңы бар ма екен,
Қарайды көл де тұнжырап.
Айнала қарап ар– мекен,
Жүрегім жалғыз тұр жылап.
Қап-қара толқын шайқалды,
Кешегі бір желмен күшті ерен.
Көргендей Балқаш, Байкалды,
Шағала болып ұшты өлең.
Қара көл бойын бойладым,
Пыр-пырлап ұшып құсжатыр.
Қанатын жайып ойларым,
Жайнадым бойға күш ақыр.
Үдеген қомыз үніне,
Иеді шыңдар ақ басты.
Қызықты қырғыз үйіне,
Көңілім қайта ап қашты.
Күндізгі қызу тарай ма,
Өнермен өнер қауышқан.
Шомылып кешкі арайға,
Дыр-думан түнге ауысқан.
Далада оттар, үйде оттар,
Лауылдап қазан астында,
Мезгіл ме мынау күй тоқтар,
Көмілдім құла тасқынға.
Манасшы қырғыз сарнады,
Таусылмас таңға жыр бастап.
Қомыздың үні самғады,
Мұз тауың тіпті, тұрды асқақ.