ҚОЙШЫ МАХАББАТЫ
Тарлаулы таудың бетіне,
Жаба сап отшаң қойымды.
Бұрушы ем дайым бекіне,
Сен жаққа таман ойымды.
Үйіңе салып дүрбіні,
Көзімеыстық басылған.
Сенің үйіңнің түңлігі,
Мен жаққа қарап ашылған.
Түтіні оттың сен жаққан,
Будақтап шығып жататын.
Самалдың келген сен жақтан,
Иісі жұпар ататын.
Осындай жалын қалпыңда,
(Сезеді жұмбақ жүрегім,)
Отауымыздың алдында,
Кəміл сияқты жүрерің.
Махаббат сенің күшіңмен,
Қой емес, ойға еремін.
Далаға таяқ ұшымен,
Атыңды жаза беремін.
Сəлден соң шығып далаға
84 Көзіңді қайда қадайсың.
Мен жүрген мынау далаға,
Күн салып ұзақ қарайсың.
Күнгей беттерде қақталып,
Күн менен саған күйдім мен.
Жүресің сен де қақталып,
Күн бойы күйкі күйбіңмен.
Көйлегің бейне ұқсайды,
Қып-қызыл алау басылған.
Қып-қызыл жалын ұшады,
Жер ошағының басынан.
Мен ғана білем өзге емес,
Қос жалынды парық етер.
Ақ білектерің– көзге елес,
Шағылып күнге жарқ етер.