16.09.2022
158
МӨЛДІРІМ
Қос жүрекке ұялатып жаңа арман,
Қос жүрекке бақыт шамын жаға алған.
Іңгалады арамызда бір өмір,
Қос тілектің мөлдірінен жаралған.
Қайырмасы
Əке болдым– мен бүгін,
Шеше болдың– сен бүгін.
Жүрегіміз түбінен,
Жарып шыққан мөлдірім.
Арманы едің– əкеңнің де аңсаған,
Ардағы едің– шешеңнің де аңсаған.
Мөлдір əуен, тұнық күйге шомылған,
Арналады ақ мейірлі əн саған.
Қайырмасы
Əкеңе де тартыпсың,
Шешеңе де тартыпсың.
Сондықтан да сен бізге,
Бəрінен де артықсың.
Табиғатың бір қарап-ақ танылар,
Тəтті тілің тəңірімдей табынар.
Мен айта алмай кеткен əннің жалғасы
Өз бойыңнан, өз ойыңнан табылар.
Қайырмасы
Əуелетіп «əуіп» деймін,
Əуелете ұш деймін.
Маңдайыңды əкелші,
Айналайын, мөлдірім,
Жұпар иіс иіскейін,
Аймалайын, мөлдірім,
Арман– айым мөлдірім!!!