16.09.2022
  140


Автор: Тəпей Қайысханұлы

АҚКӨҢІЛ ЖАН

Сен емессің оларға бір өкпе артқан,
Ұмытылып михнатың көп тартқан.
Мəз боласың көл шетінде қызықтап,
Құс қылығы сезіміңді қытықтап,
Ендігəрі оралмастай көне ақпан.
Мен де ішінде,
Ел шаттығын жаз– жүрегім қолдайды,
Қолдамасқа!!
Көпсіз күнім
болмайды.
сөйте тұра сол құстарға өкпелеп,
Əлде неге, пендемін ғой,
Өз көңілім толмайды.
Осы жердің,
Мəйек алдық ақ уызын тең еміп,
Кетеді олар көктем,
жазбен неге еріп?
Керегі жоқ біздің жерге ондай ерке
Қонақтың.
Жер– ананың қарызы бар
Өтерлік!!





Пікір жазу