16.09.2022
114
ЖЫЛ ҚҰСТАРЫ ЖƏНЕ МЕН
Ей, жыл құсы,
Айналдың ба бейбіт күннің əніне?
Бақыт сүйер ақындардың бəрі де,
Сені жырлап түгете алмай,
Түгете алмай
Кележатыр əліге.
Беу, ақындар,
Емес шығар жырыңның ақ тұмары,
Құс қайтқанда ашу мені буады.
Неге десең əлде кімнің дайын асын дəметіп,
Тек көктемді,
Тек көктемді қуады.
Солай, солай,
Туған жердің көктемінде сайрандап,
Қарашада кете барар қайрандап.
Өз көлінің бораны мен ызғарын,
Көрмеу үшін,
Жер көгерген,
Жомарт күнде айналмақ.
Жылайсыңдар,
Құс қайтқанда көңілі бос адам-ай,
Ду тірлігің құлазиды елі көшкен даладай.
Беймезгілдің өтінде өзің қаласың,
Қаласың да ерке қонақ құстары,
Уағында алақайлап қарсы аласың баладай.