БЕТПЕ - БЕТ
Өмір сүру үшін сен,
Жылайсың да күлесің.
Мұныменен түсінсең,
Аяқтамас күресің.
Өзің тұр ғой өңірің,
Өзгереді десек те,
Өнер қуған өмірің,
Алынбайды есепке.
Арындасаң арында,
Саған қазір не дейін?
Ақшалының алдына,
Мүсəпірсің егейім.
Өмір сүру үшін де,
46 Бəрімізге бет керек.
Жия бермей ішіңе,
Келейік бір бетпе-бет.
Бастық ойын ақтасаң,
Жолықпайды еш қиын.
Бастығыңа жақпасаң,
Талантың бес тиын.
Өз талғамың, ойыңша,
Озбауың шарт аса алға.
Көзқарасы бойынша,
Қозғаласың қашан да.
Күбір-сыбыр, сумаң ой,
Суылдайды тыңдасаң.
Шашылады сыр оңай,
Мұны жұртым тимасаң.
Бар еді ғой сый– саған,
Сыры неде, сірə, аға?
Кең далаға симаған,
Тар қалаңа сия ма?
Жалғаса ма бұл күйің,
Тəңір берген мирас-ау.
Шұқуға əлде бір-бірін,
Ши бергені рас-ау.
Қолын дайым артады,
Кемпір-кешек қыр жаққа.
Ұл, келінің тартады,
Базар жаққа− қыр жаққа.
Дөң басында тоны кең,
Шал жатады жібіп бел.
Үй алдында тобымен,
Шуақтайды жігіттер.
Өз заңымен, əнімен,
Заман алға зырлауда.
Малшы əлі малымен,
Бір маңырап жүр тауда.
Жаз баласы жайылар,
Дала көңіл далақтап.
Қыс баласы жəйі бар,
Қар кешетін балақтап.
Кəрі-жасың бірге ойын,
Салар той мен жиында.
Таң аспайды бір қойың,
Таласпайды тиынға.
Кигізетін жасырын,
Бикешіңе биялай.
Үйренбе, жас інім,
Бұзық болса «би ағай».
Сөйлегенде бастығың,
Жұрт тыңдайды тамсана.
Түсер сосын тас түйін,
Арақ пенен тансаға.
Кітап сорған біл, інім,
Жұрттың қайда беделі?
Кей қазаққа білімің,
Реакция береді.
Басыңдағы ой ауыр,
Көңіл толған алаңға.
Ханымыңды қоя тұр,
Патша ағзам балаң да.
Электрлі елдегі,
Сияқты ғой ауқым бір.
Телевизор − ерлері,
Əйелдері − яукүңши.
Түгемейді күйбеңім,
Мейлі мені қор сана.
Екі ұлымды сүйреймін,
Темір атпен тосаға.
Кіріп жатыр басқа елің,
Миллион сом бинаға.
Бар байлығым− бас менің,
Денсаулығым бір ғана.
Біреу жала жапса да,
Көргенім жоқ топ құрап.
Түсел түсіп жатсада,
Дастарқаным тоқ бірақ.
Жетер дəулет толықша,
Қызартпаймын көзімді.
Кім қатерге жолықса,
Ортаға атап өзімді.
Көз қиығы жеңіл кеп,
Жиғаныңды көре ме.
Кез құйрығы жейім деп,
Ұмтылады өреңе.
Отырғанда жайлаудай,
Сырларыңды жайып бар.
Туады екен айланбай,
Туысыңнан қауіптер.
Сезін я, сезінбе,
Қайқаңдайды қаймана əн.
Сырыңды алып өзіңе,
Тап береді қайтадан.
Ресторан алдында,
Тісін шұқып шермиіп,
Жатқандар бар, ал, мұнда,
Қарынына шел жиып.
Айлығың да шектейді,
Əлдиі мен əйейін.
Жасатуға жетпейді,
Шашын да бір əйелің.
Қарамайды ал күштің,
Алтының мен асыңа.
Қорғалатын аң-құстың,
Жерік болды басына.
Ауылыңда қаладай,
Қайда күйің қолайлы?
Хал-жайына қарамай,
Молдалар да молайды.
Момын асын алдағы,
Алдырады ұрыға.
Əлділердің ал бəрі,
Тартады ұтық, ұруға.
Айла-амалын арандар,
Дайындап-ақ отырып,
Бір-біріне адамдар,
Ыржияды отірік.
Оқулықтың көп саны,
Бəріне де көнеді ел.
Шаңырақтай боқшаны,
50 Бота дене көтерер.
Ауыр шығар ел жүгі,
Майысады өз белің.
Жақпайтыны белгілі,
Біліктіге сөз− демің.
Айтарсыңдар дұрысын,
Кетсем егер аштырақ.
Сөз сатқаның құрысын,
Бөз сатқаның жақсырақ.
Өмір сүру үшін сен,
Жылайсың да күлесің.
Мұныменен түсінсең,
Аяқтамас күресің.