16.09.2022
  101


Автор: Жәнібек ӘЛИМАН

ҚАЛҚАТАЙ

Гүлге оранған сұлулығын жер-көктің,
Кірпігіңе іліп қойып тербеттім.
Көктем сырлы елесіңе ынтығам,
Күн дидарлы келбеттім.
Күйіп-жанып көріскендей
күн мен түн,
Алабұртып тұрады ылғи гүл көркің.
Бақыт атты бесік болса әлемде
Сені құшқан күндер-тін.
Ажарынан арай тамған, от ерін,
Теңіз кеудем, сені іздеумен өтемін.
Сен деп салған соңғы әнімді,
қалқатай,
Құстарға айтып кетемін.





Пікір жазу