Өктемси соқпай өкпеге тиген өкпек жел....
Өктемси соқпай өкпеге тиген
өкпек жел,
Соғатын күзде, соғатын ерте
көктемде ол.
Өмір ғой дейсің өткен күн,
келер уақытты
Өмір дегенің – ақылың, ойың
жеткен жер...
«Сағындым, жаным» дегенің естен
кетпей бір,
Ғашық екенсің — сағынышыңнан да
көктей біл.
Бабамның кеше далалық миы
жеткенге
Оқыған менің қалалық миым
жетпей жүр...
Қанымда күллі сағыныш сырлы
ән қалқып,
Жанымның одан қалмапты жері
сау-тамтық.
Алысты болжап білетін
ақыл-ес бермей,
Кеудеме менің жүрек беріпті
тарпаң қып.
Асаудай соның баса алмай селін
құрғатып,
Ет-жүрегіңмен елжірей сүйсең
шын бақыт.
Мен кейде мынау күл-қоқысқа өнген
өмірден
Табылғанына таң қала берем
жырға құт.
Өктемси соқпай өкпеге тиген
өкпек жел,
Мазамды ап бітті мезгілсіз келген
көктемдер.
Сезесің бе осы шын бақытты емес
бәрібір
Ой-арманына қапысыз жүріп
жеткендер...