16.09.2022
  120


Автор: Жәнібек ӘЛИМАН

Алып-ұшқан аз ғана бақ қысқарып...

Алып-ұшқан аз ғана бақ қысқарып,
Сүмбіледей суығаның іш қарып,
Жұлдыз, сонда жанартауым атқақтап
Биігінен бір жұлдызым түсті ағып.
Биыл шабыт таппасам да көктемнен,
Разылығым басым боп тұр өкпемнен.
Жұлдыз деген – қол жетпеске
лайықты
Қол жетпеді деп ешқашан
жек көрмен.
Сені көріп сұлулықтың – серті ұлы,
Баладаймын басылмаған ентігі.
Аспандыққа таласардай менменсіп
Жұлдыз қызға мекен
болған жер түбі.
Манаураған мың күй өріп денеңде,
Тіркес таппай тұрып қалам теңерге.
Өзге түгіл өзім ұғып болмаған
Ақындығым бақытты екен сенен де...
Көз жанарың жалт еткенде жақұттай,
Алабөтен алабұртам жат ұқпай.
Жұлдыз біткен сыяды ақын кеудеме
Шексіздігі – кеңістік пен уақыттай.
Ессіз жігіт ерке назға елітіп,
Шығарып сап, алғаны жоқ не күтіп.
Тым биікке жақпақшы ол да
Жұлдызын
Жер бетінде болмаған соң теңі түк.





Пікір жазу