16.09.2022
119
БИЛЕТ
Жанымның гүлін сүй де пәк,
Арымның жырын күйге тақ.
Өмірлік билет тағдырың
Қайтесің, басқа билет ап...
Өзгердім, білем, өзгемін,
Пендеден бөлек сезгенім.
Жүректе шығар өмірің
Тіршілік қана — көздегің...
Сезімнің оты сүңги кеп,
Түрленіп тұрар мың күй боп.
Менде де бар-ау бір тағдыр,
Сенде де бар-ау бір билет...
Бұрқансын, мейлі, ғалам, көк,
Көресің бәрін содан бек.
Айырбастап алғың келеді
Әйтсе де, білем, шамаң жоқ!
Сонымен құның өлшенер,
Құдайдан түскен бөлшек ол.
Ұсақтап жыртып кете бер
Билетің құнсыз болса егер...