ҚОЛҚА
«Әуелеп ұшқан алты қаз»
(«Қыз Жібек» жыры)
Төменде қалдым ғой,
Биікке бағыт бақ болар ма екен?!
Ей, аласа арман, аптықпа!
Ақтық па?!
Е, оны бірде кірлетіп алғам
Шомылып жүріп шаттыққа.
Қонып кетіңдерші,
Алақанымда ақ тарым да жоқ,
Ақ арымменен жемдермін.
Сендер мың.
Дәлiзiңде қондым сан,
Қаңғырып, қажып панасыз.
(«Жас Алаш»)
Осы газеттiң сол кездегi бас редакторы Нұртөре Жүсiпке арнаған өлеңiнде ақын өзiнен бiр буын бұрынға ағаларының рухани туыстығына шүкiршiлiк етiп, аппақ жүрекжарды құрметi мен ризашылығын бiлдiредi. Өсер елдiң баласы екенбiз ғой деп сүйсiнедi, мұнда құбылып тұратын аярлық жоғына тәуба дейдi.
Өз поэзиясында таураттық сарындарды да айналып өтпейтiн Маралтай Ай бейнесiн жиi жырға қосады:
“Менiң қобыз жүрегiмнiң қияғы Ай»
Алла ауылына алып ұшыңдаршы,
Нала-мұңымды... емдер кім!
Өлең оқыңдаршы!
Баратынымыз бір жер ғой түбі.
Әйбат әлемге әл тірейінші,
Сәл түрейінші етегіңді.
Құйып қой, құрбым, уыңнан,
У-шу қалада тәлтірейінші.
Кеуіп барамын.
–Сүт беріңдерші?
–Біздерде сүт мүлде болған емес!
–Ауа сатыңдаршы, құлдығы-ем?
–Ауаның бәрі таусылып кеткен...
Су тамызбайтын тірлігім.
(«Автопортрет») сынды тым биiк нотамен басталып, «..Ай боп жылап қарап тұрды әйнектен, Махаббатым... Аяғы — сор, басы -үмiт...» деп аңырайды. Күн бейнесi тым сирек, бiрақ нық.
Жұлдыз көп. Маралтай түн баласы емес, Мағжан сияқты ғұннан туған ұлы бабасы өскен ақ Жайығын аңсап бiр басылатыны бар.
Маралтайда махаббат лирикасы тым нәзiк әрi құсалы, ол — ешқашан қайта оралмайтын аңсар.
Менiң сол бiр ғұмырымның бөлшегi Қайта ашылмас гүл екенiн бiлмеппiн.
(«Алғашқы сезiм»)
Аққудай бiр қыз бар ед ақ маңдайлы,
Алысқа ұшып кеттi-ау, неғылайын?!