О ДҮНИЕГЕ ХАТ
«Мен өлермін алтын
Күннің шығуына қарамай»
С.Ерубаев
Алтын шашын тарқата алмай
батқан Күн,
Арыстай боп Ай астында жатқан кім?!
Ағып барып жоқ боп кеткен сәріде
Анау жарық жұлдызы ғой Саттардың.
Тас түнекті тас төбеден қашырып,
Аппақ өлең бара жатыр шашылып.
Сүттей сәуле Құсжолына сіңгенде,
Алқаракөк кеңістікке асылып.
Ұмсынған көкке құрысын,
Адамның бiздей әуресi.
Аспанның түбi тылсым,
Сананың соқыр сәулесi.
Жырдың iшек-қырындысы мен астарынан,
таңбалану мәнерi мен табиғатынан әрiдегi Гете мен Байрон, Лермонтов пен Пушкиннiң Абай тiлiндегi әуезi айқын қылаң берiп тұр. Бұл ешқандай да имитация емес. Бұл — Абай талғамындағы таңдаудың байып жетiлген нұсқасы. Қазақтың көңiлiне жақын, жүрегiне ыстық форма. Маралтай — әр дәуiрдегi, әр қоғамдағы жаңашыл ақындардың
Ажал сыры түйсігінде сақталған
Ғазал сыры мәлім болған Саттардан,
Қанаты бар қарындастар дүрлігіп,
Пыр-пыр етіп ұшып жатыр бақтардан.
Тірілердің бәрі өледі – мұңдаспыз,
Өлгендердің бәрі тірі – құрдаспыз!
Қыршын кеткен ақын көрсең, сәлем айт,
Жиырма үшімде ұшып кеткен,
сырлас қыз.
Бақыт бар деп босқа өткізіп күндерін,
Сүйретіп құр сүлдерін.
Амалы жоқ, ақпаған соң жұлдызы,
Қанаты жоқ, қайғы жұтып жүр дегін.
Құстар қайта қонып жатыр бақтарға,
Осылай деп бұлжытпай айт Саттарға.
жетiстiгiн қапысыз сезiнген, өзi де сол биiкке ұмсынған реформатор. Абай жырларына үндес Маралтай жырларындағы тағы бiр ерекшелiк, ол сезiм аккордтарын қуалай әкеп кульминацияны соңғы шумаққа байлап тастайды. Әдетте, кез келген жанр мұндай шешiмдi қабылдай алмас едi.
Мұндай байламға бару өнер құдiретiне деген шексiз нанымнан туындайды.
Түн мекенi түнекке
Серiк таппай бойлаған.
Бiздiң ғазиз жүрекке
Жұлдыз шашып ойнаған.
Бататын күн шығу үшін батады,
Жалғыз біз бе жетпей кеткен ақ таңға.
...Маралтай деп қол қоюым шарт емес
О дүниеден жауап келмес хаттарға.
Кексе дүние тұр үнсiз
Көкке сүйреп көңiлдi,
Қалатындай ғұмырсыз
Санам санға бөлiндi.
Құстың тынып шырылы,
Жаным аңсап, егiлiп,
Қайыңдардың бұрымы
Жүрегiме төгiлiп.
Бiз ұқпаған жалғанның
Сiз табарсыз шешiмiн.