15.09.2022
130
Мұң патшасы
Қарап тұрған жалғыз жанар тесіле,
Ай көзінен сіңдіріп мұң төсіме.
Тәнсіз жүрек ақтара сап қайғысын,
Төне қалды бұлт көйлегін шешіне.
Қызғанды ма? Нұрын тыйып сөнді Күн,
Айдың ұлы мен емес пе, енді кім?
Бөтен бәрі, жүрегімді ұқпайды,
Жерден Айға көшіп кетем мен бүгін.
Қонақ келді, жүрегіңе кірсін бе?
Аппақ шашын жайды білем, күрсінбе.
Айға кеттім шаштарына жармасып,
Жаным, мені жерден таппай жүрсің бе?
Мұң бар дедің, құшағымды жайдым мен,
Білесің бе?
Сол бір мұңым, қайғым сен.
Жалғыз жүрсем алған мені асырап,
Ұлы болдым мұң патшасы Айдың мен.