meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  15.09.2022
  176


Автор: Нұрбек Нұржанұлы

Ай төсіне, түн қойнына сақтап қойғам...

Ай төсіне, түн қойнына сақтап қойғам,
Жанарымнан таба алмассыз мұңымды сіз?
Адасқандар көшесінен мені көріп,
Шақырмадың...
Бірақ, бір сәт бұрылдыңыз.
Қарашада шаштарыңмен жүрегімді,
Сыпырып-ап әкеттің ғой бұрымды қыз.
Көктем келді бүршік жарам...
Сарғайтқанмен,
кеудемдегі жапырақты бұрыңғы күз.





Пікір жазу