15.09.2022
104
Сынды талай сын алдында сағымыз...
Сынды талай сын алдында сағымыз,
Аппақ Айдың сәулесіндей арыңыз.
Жапыраққа жан бітіріп қойдың ба?
Сағындырған сары күзде сары қыз.
Мұңсыздардың жүр ішінде жігітің,
Ауыр, ауыр жүрегімнің жүгі тым.
Жарық беріп сен келетін көшеге,
Шамдарында жанып тұр ғой үмітім.