15.09.2022
  98


Автор: Нұрбек Нұржанұлы

Менің аппақ аққуым ұшқан кезде...

Менің аппақ аққуым ұшқан кезде
Жыр кеудемде жұмыр ет езілген күн.
Біздің аспан сағынып жылағанда
Қанатымның сынғанын сезінгенмін.
Ақ қауырсын кірленіп бұл көшеде,
Күнәлардың исінен безінгенмін.
Шөлдің шерлі құмына зарым сіңді.
Боздағандай ботасы Бозінгеннің.
Қарақошқыл қызғылт рең шапақ нұрын,
Жұтып жатыр қара жер шер қойнына.
Ғашығымен туған ел махаббатын,
Ауыр болмас көтерсе ер мойнына.
Жолай алман ол көше ұмыт болған,
Кірсең шықпас құшағы көр ғой мына,
Ымыртына сезімнің ұшқым келед,
Айтшы құсым ол жақта сел қойды ма?





Пікір жазу