15.09.2022
  124


Автор: Нұрбек Нұржанұлы

Оралшы

Сендегі сезімді түсінбей жүргенмін,
Бірақ та жылы леп есетін сен жақтан.
Ай құшып жүргенде күн барын ұмыттым,
Әлі де күйемін шыраққа сен жаққан.
Жылама, кеудеңнің көлінде айнам бар,
Байланып жүрегім тамшыңа мен аққам.
Дәл сендей сүймеген, күтпеген мені ешкім,
Байлығын бағалай алмаған кедеймін.
Сап-сары алтынын бұлттарға ұрлатып,
Мәңгілік суықта қалды ма кедей күн?
Кешірші, бұзықтау мінезім бар еді,
Сүйемін сағынып, ұмыттым демеймін.
Айды біз үй қылып, аққуды қанат қып,
Кетейік...
Ып-ыстық қолымды тек алшы.
Қараңғы біздегі аймаққа таң ару,
Сәуле боп, нұр болып, жарық боп таралшы.
Гүлі бар, Күні бар, нұры бар, Айы бар,
Жүрекке көктем де келді ғой,
Оралшы!





Пікір жазу