15.09.2022
  98


Автор: Нұрбек Нұржанұлы

Тірімін бе...

Тірімін бе?
Өлімін бе?
Белгісіз...
Күндерім бар қол бұлғаған, келгісіз.
Бір-бір үміт жапырағын жұлуда
Әлі күнге кеудемдегі желді күз.
Мына үйлер сіміруде жас, мұңды,
Адамдары темірге ұқсас, тас сынды.
Шеше, сені жылатқан талай бұл қала,
Мына менің мұңымды да азсынды...





Пікір жазу