14.09.2022
233
Керім гүл дала
Алатау асқар, Алакөл шалқар,
Айдыны шексіз Балқаш пен Байқал.
Еділ мен Жайық, Есіл мен Нұра,
Тарихтан сырлы Сыр өзен қайсар.
Қойнауың құтты, берекең ұйып,
Аспаның ашық алтын күн сүйіп.
Қыраның қалқып, жыр-әнің шалқып,
Әлемге кеткен әуелеп биік.
.
Керілген дала, керім гүл дала,
Жайнаған жаннат өзің бір ғана.
Белдерің жасыл, кендерің асыл,
Еркіндеп өскен елің нұр жаңа.