13.09.2022
  375


Автор: Зайда Медеуханқызы

Асыл апам

Сезімі нәрлі, жаны сырлы апашым,
Таба алмадым өзіңдей бір пана шын.


Аялайтын, аймалайтын жүзіңнен,
Қайда қазір, сол төгілген ықыласың.
Қабіріңе жетіп бардым, тым тосын,
Біле ме деп шерлі жүрек ботасын.
Мейріңе шөліркеген бір басым,
Көре алмадым көлеңкеңнің қарасын.
Бұл өмірдің алды жар, арты базар,
Мен емеспін тірлігін мақтан қылар.
Өзіңдей бір кең тыныс берсе екен,
Түйін түйіп өнерден сөз саралар.
Әлi есімде анашым кеңестерің,
Өнер менен санасқан белестерің.
Шу асауды үйретіп, жүген салып,
Ақиқаттың жолында белдескенің.
Алаң болма, анажан, ұрпағыңнан,
Бал шырыннан мен ерте сусынданғам.
Көз жасыңды жоқтаудың жыры етіп,
Тербетемін аруағыңды, жазып дастан.





Пікір жазу