13.09.2022
  112


Автор: Зайда Медеуханқызы

Өмір ащы

Өмір ащы, жүрек тыншып сыздайды,
Сол үшін де ашулысың ылғайды,
Маңай толы әділетсіздік, зұлымдық,
Оған жаның қалай ғана шыдайды.
Сөкпе, досым, неге мені ашулы деп,
Ащынышым барады тіпті үдеп,
Ақынмын ғой шырылдайтын шындық үшін,
Бір түйір жүрегіне әділет іздеп.
Қанағат таба алмайды көңіл құрғыр,
Түнеріп көк аспан ашылмай бір,
Құдайым құрбақаға бақ берген соң,
Кешпей ме сұңқар сорлы сортаң ғұмыр.





Пікір жазу