13.09.2022
139
Қолымда тұрады сонда
Таңның ақ сәулесі,
Төгілді жүзіме айдай.
Сезімім түнге тығылды,
Құмары қанбай.
Таңның ақ арайы,
Аймалады бүкіл денемді.
Көңілім көлдей толқып,
Сергимін мен енді.
Күннің нұр шұғыласы,
Сүйеді ақ маңдайымнан.
Кетпейді түнгі қызықтың,
Бал дәмі таңдайымнан.
Кештің қызыл шапағы,
Батады қимай жанарымды.
Көре алмай маржандай тізіп,
Жұлдызды таңдарымды.
Жұлдыздан төгілер нұр боп,
Ғаламат сұлулық маған.
Қолымда тұрады сонда,
Құбылып ғалам.