13.09.2022
94
Қалдырмашы бұлай мұңға
Арманымды әуелеткен,
Жастық жалын қайда кеткен?
Сағындырдың, ардағым-ай,
Қайран күндер арада өткен.
Махаббатым теңіздейін,
Аппақ аймен егіздеймін.
Ардағым-ай, бұл күндері,
Мақпал түннен сені іздеймін.
Өзің бе деп қырдың гүлін,
Бағыштаумен күннің нұрын.
Құлан жортқан қырқалардан,
Сені іздеумен жүрмін бүгін.
Араласам бақшалардан,
Таба алмадым асқақ арман.
Жолықсаңшы, арманым-ай,
Таңдай болып атқан алдан.
Самал желден сұраймын ба,
Көк айдынға құлаймын ба?!
Қайда кеттің, ардағым-ай,
Қалдырмашы бұлай мұңға