13.09.2022
136
Отызымда
Отызымда кезіктім,
Отызымда еліктім.
Махаббатты тұп-тұнық,
Отызымда сезіппін.
Отызымда жылындым,
(Сырын білген бұрын кім).
Албырт емес, ап-анық,
Отызымда сүріндім.
Отызымда от көрдім,
Тағы отыздан шектелдім.
Армандадым сонда мен,
Бейбіт күнін кептердің.
Отыздағы жырымның,
Сезе алады сырын кім?
Қаумалама қалай деп,
Отыздағы біріңмін.