13.09.2022
121
Әлі есімде
Әлі есімде сонау кезің,
Майдың қоңыр кешінде.
Сүйдім, сүйдің, бал еміздің,
Қалып қойдың есімде.
Алыс жүрген асылыңды,
Арман ету бір бақыт.
Ақыл жеңіп ашуымды,
Қиялдаймын түн қатып.
Жараланды жас жүрегім,
Оқ боп дарып махаббатың.
Жан жарама бар тілегім,
Тисін сенің шапағатың.
Айналайын бақ құсым,
Айы өтті-ау сол кезіңнің.
Басып өмір басқышын,
Көз ілмеді сезімім.