13.09.2022
  100


Автор: Мейрамгүл Тоғжанова

Жырла, далам

Таң сәріде ояндым,
Серги қалдым бір демде.
Оқылатын кітабым,
Жатыр екен іргемде.
Құшырлана оқыдым,
Бар екен-ау жырда екпін.
Нағыз ақын жанымда ,
Жүргендігін білмеппін.
Қара көктің үстінде,
Кетіп барам тұнжырап.
Қонатұғын белдерім,
Нанасың ба тым жырақ.
Бола алмадым егей бір,
Тұлғасындай алыптың,
Мұң-мұқтажын көтерсем,
Деп тілеуші ем халықтың.
Амалым не, мен бүгін,
Құлазыған ел көшіп,
Сары белде қалыппын.
Қара сазға аунадым,
Бала кезде мен кеше.
Бір жылылық бар онда,
Қасиетті өзгеше.
Тұсауымды кесіп ед,
Туған елім-асқар белім.


Жазып жүрмін мен өлең,
Бауырларым көп-көрім
.
Бабалардың жырымен,
Уыз ақын тілімен,
Енді-енді көктедім.
Тастап туған жерімді ,
Мен ешқайда кетпедім.
Қасиетіңнен айналдым,
Дала жортқан көк бөрім.
Елім-ай деп ән салып,
Жырлап барам.
Сар қызыңа сыр шертіп,
Тіл қат, далам.
Он сегізім қалыпты ,
Күз желінде,
Күз желімен қаңбақтай
Зырлап барам.
Сар қызыңды жасытпа
Жырлат, далам!





Пікір жазу