13.09.2022
  98


Автор: Мейрамгүл Тоғжанова

Әкеме

Жырларымен шалғындап көктеп өтер,
Сар қызыңды жан әкем көкке көтер.
Туған жердің басына күн туса егер,
Көкірек керіп алдыңғы шепке кетер.
Күншілдердің қалсам да табасына,
Дарқан ел деп келемін нанасың ба?
Буырқанған ала көл жағасына,
Мені іздеп жан әкем барасың ба?
Ризамын жастық шақ көктеміме,
Кейде ұқсап кетемін көк бөріге.
Бабам менен әжемнің ізі қалған,
Барып қайтсам деп тұрмын көктеуіме.
Қарашада ай туар қияқтанып,
Жан сырымды өзіңе жиі ақтарып.
Туған жердің мен жүрмін бөктерінде,
Өзімше өршіл ақын сияқтанып.
Қамын жеген баланың кісілердің,
Өзіңдей мені әке түсінер кім?
Бақыттымын дер едім жанұя емес,
Қажетінен шыға алсам бүкіл елдің.
Өмір-күрес, өмір-от, өмір-өлең,
Елім деп мен елжіреп еміренем.
Нәр алмасам өзіңнен не білер ем,
Сен деп әке теңіздей тебіренем.





Пікір жазу