13.09.2022
  95


Автор: Жәнібек ӘЛИМАН

Шұрқырап шықты құлын дем...

Шұрқырап шықты құлын дем,
Жүрек қой тағы бүлінген.
Сыбырлап самал тіл қатты
Жапырақтағы дірілден.
Ақ шашақ сағым нұр зерлі,
Қиялда қалқып түрленді.
Көзімнен ұшып жоғалған
Жүрекке түсіп үлгерді...
Мәңгілік кескен үкім бұл,
Тұрақ та таппай тұтылды ұл…
Арқамды қысып оятқан
Түркіден қалған тұқыл жыр.
Күттірмей келген кезегін,
Сонымды ғана сеземін.
Тәңірге тартып барады
Тірліктің өртеп өзегін.
Зарыма иіп заңғар көк,
Аузыма салды Аллам бек.
Өлең деп сүю өмірді
Тірлікте басқа қалған жоқ.





Пікір жазу