13.09.2022
99
АҚИ КҮН
Арасында фәнидің һәм бақидың,
Мен де, сірә, бірталайға татимын.
Міз бақпайтын, сыз қаппайтын
сезімін –
Ей, ақи күн!
Озып әр күн көзім алдын жас алды:
Күн астында күнім түсед қашанғы.
Айласы бар, айнасы бар, ойнасы...
Адамзаттың күні құрысын жасанды!
Жердегі кіл жасандының кем ары,
Нұр боп тылсым, күн боп тұрсың
сен әлі...
Адамзаттан арам шықты жаманмен
Ала-құла заман шықты небары!..
Ей, ақи күн, жарықтық,
Күн астында...
Жалықтық та, зарықтық.
Тәңір көзі, тылсымыңмен жебей көр
Біздің бейбақ халықты!