13.09.2022
144
Өркениет
Өркениет!
Келді бізге ел көрмей.
Алаш аң-таң сұмдық деп бұл,
беу, нендей?!
Алаш аң-таң: жаяу құрлық кешегі
Жаулаушы жұрт атты Ғұнды
көргендей!!!
Баса-көктеп кесел етпек жер үстін —
Өркениет!
Алаш аң-таң жоқ ұсқын:
Кене ханның басын көріп кесілген
Безе қашқан боярындай орыстың!!!
Кез етсе кім содан құлқы дәмелі...
Өркениет —
Жезөкшенің әлемі!
Нұрсыз ақыл, қырсыз қайрат немесе
Сәулесіз жан, өлексе тән – бәлелі!