13.09.2022
  113


Автор: Жәнібек ӘЛИМАН

Теріп көр тағылымын баяғының...

Теріп көр тағылымын баяғының,
Ойымның оғаш көрем саябырын.
Елімнің еркесі бар, серкесі бар,
Басы — аңыз, ортасы — жыр,
аяғы — мұң...
«Жанбота» — тыңдайтын ән
халқым ұйып,
Кеудеме қалғандай сол ән түйіліп.
Есерге поштабайдай сабатса да
Біржанның Азнабайдан нарқы биік.
«Жанбота» — ашу-ыза
ұшқыны ма ең?!
Сал Біржан сергелдеңге түсті кілең.
Соққысы поштабайдың жасытқан жоқ
Кеудеден ызалы ән боп ұшты, білем.
Жадыбас қамшы үйірген қаһарлана,
Күлік қой Біржан жаны жатар дара.
Сол күннен Азнабай мен
поштабай жоқ
Сал Біржан, ызалы жыр, мақам ғана...





Пікір жазу