file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  13.09.2022
  124


Автор: Тəпей Қайысханұлы

ОЙ ТҮБІНДЕ ӨМІР БАР

Көңілің шаттық құшқанда,
Құстан да биік ұшқанда,
Өмір-ай, неткен еркін деп,
Бойыңды билер күшті арна.
Лəззəтті таңды атырған,
Қызыққа бірдем батырған.
Өмір-ай, өмір қыздайсың,
Қолын бір бұлғап шақырған.
Жаның бір отқа күйгенде,
Күйгелек мінез күйге енбе.
Ерліктің кебін үйрен де,
Өмірдің заңы осы деп,
Сезесің бір сыр түйгендей.
Тобан бір оймен торыққан,
Бəрінен, қарғам, қорықпан.
Өмірдің заңы осылай,
Қағатын дайым тобықтан.
Ойыңнан жаңа ой аштым,
Бойыңнан байлық − қойма аштым.
Өмір-ай, өзің баулыдың,
Оңайға өле қоймаспын.





Пікір жазу