12.09.2022
136
ЖАЗМЫШ ЖАРАСЫ
Бәрі жақын тума-туыс сауыңда,
Күліп келіп сәлем берер жауың да.
Жазмыштың екпіні апат құласа,
Бас кеудеңді керіп қарсы дауылға.
Тек жалқаулық баспасыншы пысыңды,
Ертеңіңе көлеңке олар түсірді.
Сезілмесін осалдығың, жігітім,
Жина да ұмтыл, алға соңғы күшіңді.
Үйренерсің өмір заңы бұған да,
Болашаққа бал ашпайды сыған да.
Үзбе үмітті, таңың да атар күлімдеп,
Тез тарқайды көңілдегі тұман да.
Бәрі-бәрі байланысты қарашы,
Қайғы, бақыт қас пен көздің арасы.
Абдырамай тек берік бол өзіңе,
Жазылады жазмыштың да жарасы.