12.09.2022
  131


Автор: Бижан Қалмағанбетов

ҚАЗАҒЫМ

Көшпеліден қалыпқа біз тілеген,
Түсті қазақ аузында шіркін өлең.
Тіршіліктің қамы үшін әйтпегенде,
Байлық көксеп болмаған мүлкі деген.
Жүрсе де атқа қонып мал соңында,
Қалмаған бай-манаптың қоршауында.
Батыр, ақын- жазушы, ғалым да бар,
Хақым бар қазақпын деп жар салуға.
Болған-ды қайраткер де, күрескер де,
Үлесін қоса білген ұлы істерге.
Соларға ұқсаймыз деп алға ұмтылдық,
Ержетіп, азамат боп біз өскенде.
Жетілер қызғалдақтай жастар әлі,
Ойға алсам Алматыны, Астананы.
Болашақтың сомдаған бейнесіндей,
Бар алып, міне, осыдан басталады.
Демеу боп табысыңды қолдасын ұл,
Жақсы істің бастауы мен жалғасы бір.
Қазағым жомарт халық, сондықтан да -
Тізе қосқан бірнеше ұлт ордасы бұл.
Туғанда егемендік жадырадым,
Өрісте ойнақтаған қозы, лағым.
Кеңге жайып қанатын керегең де,
Биік болсын әрдайым шаңырағың!
Қазағым, ата- бабам қыран анық,
Бейнесі көз алдыңда тұрары анық.
Тәуелсіздік туымыз желбіреп бір,
Түспесе көктен төмен қуаналық!





Пікір жазу