12.09.2022
106
...шөп салған...
Деп жүргенде: «тұрақты енді»
Жалқы мұң мен сұрақ белгі!
Жалғыздығын көтере алмай:
Жалғыз ару жылап келді.
Жауабы жоқ Сұрақ тоңды,
Бақыт бүгін жырақ қонды.
Уақыт түнін жалға алып,
Жігіт неге жылатты оны?
Кеше түнде сыр ақтарды.
Есесіне сынақ бәрі.
Бүгін ару күліп кірді.
Жігіт неге жылап қалды?
Нүкте орнына сұрақ қалды.