12.09.2022
  106


Автор: Әлімқұл Данияр

Тәңірмен тілдесу

Көп ерік беріп сезімге,
Көтеріп кеудем алып мұң.
Бейнеңді көрген кезімде,
Байқамай сүйіп қалыппын.
Қолымды байлап қолыңа,
Соғар ма еді сыңар леп.
Аптығам ылғи жолыма,
Алдымнан өзің шығар деп.
Жіберіп жәймен көз анық.
Сезесің сен де бір демді,
Сыр тұнған жүзің бозарып,
Сыртыңнан сүйіп жүргенді.
Сағыныш сыңсып, мәні не:
Кеудеге ескі кекті алды.
«Тоғжаным» деп ем Тәңірге:
«Тозғаның бекер» деп қалды...





Пікір жазу