Ашық айту
Сырғып уақыт бағытсыз боп босуда.
Сүймеймін деп серт еткенсің. (Қайтпа сен!)
Сөзіңде тұр! Бірақ бізді қосуға
Құдайды мен құлықсыз деп айтпас ем.
Мән бергелі маңызы мұң Сөзге мен.
Ести алмай келемін ғой Үніңді әр.
Тәлімді де үйренбепсің өзгеден,
Тәңірді де тыңдамайтын түрің бар.
Естелік боп енгенде жылайд ішім,
Кеткен күндер кешегі тұр есімде.
«Сен мені сүйе салшы Құдай үшін» –
деп тағы айта алмаймын білесің бе?
Тұнжырайтын Төзім едім мен кеше.
Бұлжымайтын шешіміңе бекі сен.
Жүрегіңді сыйға тарқын ендеше:
«Құдайыңды қыстырма» – деп жекісең.
Сенің көзің жат жүректі тосуда.
Шын сезімге болатындай мас алғаш.
Құдай қанша тырысса да қосуға,
Сенде сезім жоқтығынан аса алмас.
«Жетер енді күткізгенің тете мұң,
Сүй жігітті» деп сыбырлап түнімен
Басқаның тек бағы болып кетемін.
Алла саған аян берген күні Мен.
Р.S.
Сырғып уақыт бағытсыз боп босуда.
Сүймеймін деп серт еткенсің. (Қайтпа сен!)
Сөзіңде тұр! Бірақ бізді қосуға
Құдайды мен құлықсыз деп айтпас ем.