12.09.2022
119
Хат
Оралмаймын. Өткен шағым тым артта,
Мен Сағаттың сабырына төзіп ем.
Қымтануға «қараңғыны» құмартпа,
«Түн тамуда» ғазалымның көзінен.
Гүл ұшында жұпарланып бар мұңым,
Тынысыңа қонса егер талып бір,
Тың өзгеріс табар еді тағдырым,
Гүл сыйлаудан жалықпас ем анық бұл.
Е, Уақыт сиыспайды жігітпен,
Ер мінезді... сірә қатал... кілкіп ал!
Тоғжан дейтін тоңып тұрған үмітпен,
Жанарымда жаурап қалған күлкі бар.
Теңіз-түннің тереңіне түсіп ем,
Үнсіз ғана үңілген-ді тек қала.
Оңашаға оранып ап түсінем:
Жалқы жүрек мұң меншігі деп қана.