12.09.2022
116
Мұң
Келімсек мұң көрдім сұғанақ,
Тұтқыны – үміттің денесі.
Қаламның ұшында сығалап,
Уақыттың жіңішке елесі.
Тыңдатып мұңымды (желіккен),
Түн батып барады... тау іші.
ЕС күліп салады (еріккен),
Естіліп ЖАРЫҚ-тың дауысы.
Бақыт деп Сенімді әурелер,
Уақыт кеп Төзімге төнуде.
Асығып барады Сәулелер,
Көлеңке көзінде сөнуге.
Жалғыздық Өзінен жалықты,
Бөлмені Үнсіздік кезумен.
Тоғжаным түсіріп алыпты,
Күлкімнің суретін езуден.