12.09.2022
  82


Автор: Әлімқұл Данияр

Тілек

Күзгі бақтың ішінде,
делебемді қоздырып, дегбірімді алған қыз
Өңімде һәм түсімде
ұшырасып қалғанбыз
Жыр жазамын кеш құрым,
Кескініңді көз алдыма келтіріп.
Енді мені еліктірмес еш бұрым,
Өлтіріп.
Сенделіп…
Жүргенімде жүген ойдан безіп тым.
Сен келіп –
Күзгі бақта кезіктің.
Сондағы…
Сезімге мәз күнім
Сомдады:
Ләйлісіне ғашық болған Мәжнүнін
Бірақ та,
Қасымда қалмадың…
Хабарсыз кеттің сен жыраққа
Алдадың!..
Жерленген жүрекке
сезімді қайтемін тастанды?..
Сен мені жыр етпе
Тауып ал басқаңды!
..............................
тілегім сол...





Пікір жазу