12.09.2022
76
Керіағыс ритiмi
Наламның ниеті тәуір,
Меселі қайтпаған мұңның.
Көңілмен көтеру ауыр,
Салмағы секілді түннің
нәрселер көбейді мида,
Нәзіктік болмысты билеп.
Жасанды әдеп пен иба,
кетпеді санадан сиреп.
Жоғалды ЖАДымнан аулақ,
Ақылдың аса бір мәні.
Үміттің үлкенін аулап,
Уақыт жасап жүр әлі.
Өткен күн ізіне ермей,
Оралды кешегім… Момын.
Артымда қалғысы келмей,
Алдымнан шығады соңым.
Адасып аулада Бақ жүр,
Қараймын ұрлана тысқа:
Ғұмырдың ішінде тағдыр
Жырымның жолындай қысқа!