12.09.2022
  99


Автор: Әлімқұл Данияр

Стиль

Нәп-нәзік үйлесімдер,
Көңілсіз күйге сіңер.
Уақыт та қалып қойды,
Жіберіп би кешін ер.
Ет жүрек тынбай сыздау
(Тепкілеп... тұрмайсыз-ау!)
Тәп-тәтті түс көремін,
Ояну ыңғайсыздау.
Әлемнен тыс дерегім.
Әлемге ұш дер едім.
Қап-қатты қиялыммен
Тап-тәтті түс көремін.
Сезімнің күші күзге,
Таралды... түсіп ізге.
Бүгін де табысамыз,
Бүгін де түсімізде.
Өлеңге базына тым,
Өреді жазып ақын.
Ап-ауыр тағдырым бар,
Жеп-жеңіл жазылатын.





Пікір жазу