12.09.2022
  87


Автор: Қыңырбек Қамашұлы

ТАҒЫ ДА АБАЙҒА

Қай қазақ еске алмайды дейсің Абайды,
Абайды жазған, оқыдым мен де талайды
Жарыса жаздық, жарыла жаздық Абайды
Жұмбағын шешер, таппадық сөзді орайлы.
Ұлы арман қуған, тірлікке күйкі бұрылмай,
Заманнан озған күншілдерге де ұрынбай
Көкірекке жарық, көңілге жылу беріп тұр,
Мәңгілік болып, күн менен айдың нұрындай





Пікір жазу