12.09.2022
  148


Автор: Қыңырбек Қамашұлы

БІР АДАМҒА

Өзіңнен басқа жанды көре алмасаң,
Қан бармай тандыр болған ойың қасың
Жабайы мысық секілді алыстайсың,
Адамзаттың тобына қалай қосам.
Сүзеген сиыр секілді шадыр көзі,
Қылығыңа маңайың болды мезі
Қыр аспайтын қыршаңқы жылқыдайсың,
Тебеген, әрі тістеуік сыр мінезі
Улы жылан секілді жалаңдаған,
Зәр шашқан сала құлаш тілің жаман.
Өз ниетің өзіңе жолдас болсын,
Сендейлерден басқаны қылсын аман.





Пікір жазу