12.09.2022
  98


Автор: Қыңырбек Қамашұлы

ЖЫЛЫМ МЕШІН

Мың тоғыз жүз отыз екінші туыппын мешін
жылы
Қаңтардың басы, сәрсенбі дейтін күні
Күн шығып келе жатқан мезгіл екен,
Қатесіз айтқан еді әкем мұны.
Көрдім міне жеті мүшел, жеті мешін,
Қадір тұтып, қарсы алдым таң мен кешін
Қазақша декабрьді қаңтар дейді,
Бұдан артық анықтап айтам несін
Сексен үштен тоғыз ай асып тұрмын,
Алланың өзі білер ендігісін.





Пікір жазу