12.09.2022
142
СӨЗ
Сабылтып ойын санасын,
Іздеген сөздің сарасын
Ұлтының тілін ұлықтап,
Әр істің берген бағасын
Сөз ғана шағып сүйекті,
Сөз жазған көңіл жарасын
Әділ сөз ашып бере алған
Қара мен ақтың арасын.
Сөзінен халқы таныған,
Адамның асыл данасын.