ҮРЖАРЫМ-ГҮЛСТАНЫМ
Үржарым Тарбағатай күнгейінде,
Келбеті шуақ шашқан күн бейімде,
Алакөл, Арасаны жанға шипа,
Таза жұмсақ ауасын гүл дейінде.
Жері кең Үржарымның шалқып жатқан,
Жасыл бел, жасыл таулар нұрға батқан.
Жері байдың елі бай деген осы,
Халқымыз қойнауынан бақыт тапқан.
Мақтан қып шұбат, суын, топырағын,
Көкірегімді шаттыққа толтырамын.
Алма, өрік сан жемістің иісі аңқып,
Мәуелеп жайқалтады жапырағын.
Күміс көл жарқыраған оң мен солы,
Ертеден тарихы бар сырға толы.
Батыс пенен шығысты жалғастырып,
Жарып өтіп жатады Жібек жолы.
Ақ берлі қабар асу тау биігі,
Мекендер арқар, бұғы кер киігі.
Үржарка алып өзен көлге құйған,
Іздейтін осы емес пе жер ұйығы.
Кейде ебі тазалық күйін шерткен,
Жер бетін арылтады түрлі дерттен.
Су тұнық, жұғымды шөп, таза ауада,
Тай шығып, тоқты,шібіш төлін ерткен.
Халқы бар малшы, егінші қойдан қоңыр,
Төрт түлікпен жарасып жатады өңір.
Сай саласы омарта бал ағызған,
Жер асты жетпіс қабат толған көмір.
Өркендей бер Үржарым-Гүлстаным,
Егемендік көк туын тік ұстадың
Бір өзіңе қарайтын алпыс ауыл,
Сан түрлі жамыратқан жұмыстарын.