12.09.2022
  102


Автор: Қыңырбек Қамашұлы

Ауылдан аттап шықпады қара табаным....

Ауылдан аттап шықпады қара табаным,
Сары қиға піскен нанын жеп шойын табаның
Қой ешкінің құрт-ірімшік майына бөгіп,
Қымызын іштім қақталған тері сабаның
Сондықтан да сүйегім қалың сом болды,
Кигенім жылы қошқар түкті тон болды
Қаланың тақ-тұқ шөп шалаңынан ауаша,
Ауылдың нәрін еміп өскенім оң болды.





Пікір жазу