12.09.2022
  164


Автор: Қыңырбек Қамашұлы

ЖҰМЫСКЕРМІН

Жұмыскермін қара табан күс қолды,
Күс қолымда темір тозып 83 жаз қыс келді.
Күс қолыммен баспаналар басқалар да
жасалып,
Күс қолыммен тер тамшылап, қара жұмыс
істелді.
Күс қолымнан түскен емес ақ таяқ,
Күс қолымды қусырмадым менде аяп.
Нөсер жаңбыр, қарлы боран, қызыл шұнақ
аязда,
Күс қолымнан ырыс кетпей алып жүрдім көп
тоят.
Күс қолыммен сансыз қамба, сансыз құдық
қазылды
Күс қолдарым құт қол болып еселеді азымды.
Күс қолыма Құдай қуат берді ме?
Күс қолыммен төрт-бес дастан, қанша өлең
жазылды.





Пікір жазу