12.09.2022
200
ЖҮСІПБЕККЕ
О, қадірлі Аймауытұлы Жүсіпбек,
Сендей болып қасіретті қақпанға біз түсіп пе ек
Жүрегіміз қан жылайды тағдырыңды ойласақ,
Сенің биік идеяңнан құдай куә күсіп пе ек.
Алашымның азаматы ішіндегі бірегей,
Қарт Қожаңмен ақ білегің кілкіп тұрған кілегей
Әдебиет әлемінің көшбасшысы деп білем,
Тәттілігі тілді үйірді, шұбырылды сілекей.
Халқы үшін азап тартты жанын берді халайық,
Қалың қазақ ер-азамат қарызды еске алайық
Ұсақ-түйек Жүсекеңе татымайтын секілді,
Асыл ерге саф алтыннан мүсін қойсақ лайық.